Орталық референдум комиссиясы баспасөз конференциясын өткізіп, сағат 10:00-ге дейін референдум учаскелерінде дауыс бергендердің саны туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орталық референдум комиссиясының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 10:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі келесідей көрсеткішті кұрады:
Абай облысы - 15,36%
Ақмола облысы - 17,18%
Ақтөбе облысы - 19,21%
Алматы облысы - 16,31%
Атырау облысы - 17,11%
Батыс Қазақстан облысы - 16,43%
Жамбыл облысы - 16,19%
Жетісу облысы - 18,08%
Қарағанды облысы - 30,63%
Қостанай облысы - 16,90%
Қызылорда облысы - 20,91%
Маңғыстау облысы - 16,45%
Павлодар облысы - 14,04%
Солтүстік Қазақстан облысы - 15,83%
Түркістан облысы - 18,56%
Ұлытау облысы - 17,40%
Шығыс Қазақстан облысы - 17,85%
Астана қаласы - 24,08%
Алматы қаласы - 8,66%
Шымкент қаласы - 19,56%
«Жалпы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2 млн 178 мың 593 азамат дауыс беруге қатысты. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 17,79 пайызын құрап отыр», деп хабарлады ОРК хатшысы Мұхтар Ерман.