• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2024

Ғасыр жасаған майдангер дауыс берді

83 рет
көрсетілді

Қызылорда облысындағы 500 мыңға жуық дауыс берушінің алғашқы легінде 103 жастағы майдангер Яхия Тасыров өз таңдауын жасады. Саяси оқиғалардан сырт қалмайтын соғыс ардагері бірлік әрқашан маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген тәмсілге бас иген халықпыз. Ел үшін өзекті істерге үлес қосуымыз керек. Сондықтан әрбір саяси науқан кезінде өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын», деді майдангер.

Өңірде дауыс берушілер қатарына енген 492 380 тұрғын 380 учаскеде дауыс бере алады. Дауыс беру күні азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске жұмыс істейді.