Сәтбаев қаласындағы №292 референдум учаскесі Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер Сарайында орналасқан. Мұнда қалалық «Ақ әжелер» ансамблі бар. Ансамблдің бірнеше мүшесі осы учаскеге тіркелген екен. Олар өзара ақылдасып, референдумға ерекше салтанатпен баруды ұйғарыпты.
«Біз өнер адамдарымыз, сондықтан дауыс беруге барған кезде ұлттық киім киіп, ән шырқап барғанды дұрыс деп санадық», дейді ансамбл мүшесі, қаланың Құрметті азаматы әрі ардагер ұстаз Ағайша Сәдуақасова.
Референдум учаскесі алдында талантты композитор, марқұм Нұрлан Керімбековтің «Сәтбаев вальсі» әнін шырқап тұрған әжелер көпшілік тарапынан қызығушылық тудырды. Осылайша, референдумда дауыс беру ұлттық киім мен қазақ өнерін дәріптеуге де ұласып жатыр.
Ұлытау облысы