• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 06 Қазан, 2024

Әлем Барысы Айбек Нұғымаров азаматтық борышын орындады

94 рет
көрсетілді

«Қазақ күресі» бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Нұғымаров референдумда дауыс берді, деп хабарлайды.

Референдумда өз таңдауын жасаған Әлем Барысы бүгінгі күн барлық азамат үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

«Бүгінгі референдумда өз дауысымды беру арқылы азаматтық борышымды орындадым деп ойлаймын. Әрбір азамат дауыс беруге қатысып, конституциялық міндетін атқаруы өте маңызды. Баршаңызға сәттілік тілеймін», деді Айбек Нұғымаров.