Кинодраматург, Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және халық жазушысы Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық жазушысы Алматының Бостандық ауданындағы жалпы білім беретін №125 мектепте орналасқан № 301 сайлау учаскесіне барды.
Одан бөлек қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы қаласына «еңбегі сіңген» қайраткер Заида Елғондинова да таңдауын жасады.
«Бүгінде еліміз үшін маңызды мәселелердің бірі шешіліп жатыр. Қазақстанның әрбір азаматына қатысу маңызды. Мәселенің барлық аспектілерін ескере отырып, таңдау жасау қажет. Елдің жаһандық өзгерістер контекстіндегі қажеттіліктеріне сүйене отырып, мен өз таңдауымды жасадым. Бүгін қабылданған әрбір шешім біздің болашағымызды жақсартуға бағытталған деп санаймын», деді Заида Елғондинова.