Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігі жанындағы №394 дауыс беру учаскесінің комиссия төрағасы Еділ Мырзаханов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігінде №394 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 7:00-ден бастады. Біздің Бакудегі азаматтарымыз ел үшін осы маңызды мәселе бойынша азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін белсенділік танытып келеді. Жалпы, Бүгін біз 180-ге жуық адамды, оның ішінде Әзербайжанның жоғары оқу орындарында оқитын студенттерді қабылдайды», деп бөлісті Еділ Мырзаханов.
Оның мәліметінше, 13:00-дегі жағдай бойынша дауыс учаскесінде 123 сайлаушы дауыс берген.
Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру науқаны жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталады. Дауыс беру үшін өзіңізбен бірге қолданыстағы паспорт немесе ҚР азаматының жеке куәлігі болуы қажет.
№ 394 сайлау учаскесінің мекенжайы: Баку қаласы, Н. Рафиев көшесі, 14.