Сәуір айында 104 жасқа толған Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бұзауслан ауылының тұрғыны Шәміл Өміржанова әжеміз де өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
№ 172 референдум учаскесі бойынша тіркелген кейуанаға урна жәшігі үйіне әкелінді.
Ел игілігі үшін жасалып жатқан саяси науқаннан қалыс қалмауды ойлаған әже бүгінгі игі бастаманың басында жүргендерге ризашылығын білдіріп, батасын берді.