100 жастағы «Алтын алқа» алқа иегері Қадиша Бекназарова референдумға қатысып, үйден шықпай-ақ дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
1 қаңтарда кейуана өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтті. Әжейдің сегіз баласы, 19 немересі, 40 шөбересі және екі шөпшегі бар.
Шал ақын ауданында дүниеге келген Қадиша апай өмір бойы сонда өмір сүрген. Соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, кейін өмірін отбасына және бала тәрбиесіне арнаған. Ал Бескөл ауылына төрт жыл бұрын көшіп келген.