• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 Бүгін, 19:45

Шетелде 7 мыңнан астам отандасымыз дауыс берді

26 рет
көрсетілді

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаске жұмысын аяқтады. 7 358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын беріп үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, 60 дауыс беру учаскесі әлі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Олар Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде орналасқан. Сан-Франциско қаласындағы тағы бір учаске Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де ашылады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған еді. Шетелде дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны - 12 307.