• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 20:00

Қазақстандағы дауыс беру учаскелері жұмысын аяқтады

27 рет
көрсетілді

Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 12 млн 244 мың 683 азамат енген.

Орталық референдум комиссиясының кешкі сағат 18:00-дегі мәліметіне сүйенсек, ел бойынша 7 537 675 азамат бюллетень алған. Бұл тізімдегі азаматтардың 61,56 пайызын құрайды.

Соңғы мәлімет бойынша, шет мемлекеттердегі референдум учаскелерінде Қазақстанның 7 358 азаматы дауыс берген. 

Дауыс берушілер туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 21:00-де белгілі болады.