• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 07 Қазан, 2024

Демократия нышаны

56 рет
көрсетілді

Референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының айқын көрінісі. Маңыз­ды мәселені көп болып шешу, дұрыс таңдау жасау маңызды. Алғашқылардың бірі болып Медеу ауданында орналасқан №378 референдум учаскесінде дауыс бердім.

Жалпы, дамыған елдерде өзекті мәселені осындай ауқымды кеңе­су арқылы талқыға салу жиі кезде­седі. Мысалы, Швейцарияда кейінгі он жылда 18 рет референдум болыпты. Американың азаматтары референдумға өте белсенді қатысады. Ең маңыздысы – олар әрбір сұраққа дайындалып, сол мәселені зерттей­ді. Әр­бір сұрақтарына жа­уап дайындап, жа­уап алған соң барып дауыс береді. Меніңше, елімізде өзге де референдумдар алда әлі көп болмақ. Өйткені біз – демократиялық мем­лекетпіз. Халық болып референдумда дауыс беруге үйренгеніміз маңыз­ды. Жалпы, азаматтары­мыз­да референдум мәде­ниеті болу керек. Мұн­дай саяси науқандар­дағы азаматтық белсенділігі­міз қалыптасқан елге айнал­ғанымыз абзал.

 

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

Ұлттық ғылым академиясының президенті