Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өрті 21 мың гектарды шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, Қарқаралыдағы өртті сөндіру үшін Астана қаласынан, Павлодар және Абай облыстарынан өрт сөндірушілер жіберілген.
«Жергілікті өрт сөндірушілерге 236 адам көмек қолын созды. Өртті ауыздықтауға 42 техника, 2 ұшақ жұмылдырылды», деп толықтырды ТЖД өкілдері.