• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2024

Павлодар облысындағы дала өрті оқшауланды

57 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы жалпы ауданы 10000 гектар аумақты шарпыған дала өрті 14:30-да оқшауланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өртті сөндіруге Павлодар облысынан, Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті, Абай облысынан және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі, орман шаруашылығы қызметтерінің құтқарушылар топтары және жергілікті атқарушы органдардан ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмылдырылды.

Өртті оқшаулауға 236 адам, 42 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды. Өртті сөндіруге 29 рет 64 тонна көлемінде су төгілген. Су Шалқаркөл көлі және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынған.

Бұған дейін 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөптің жануы өршіп, Павлодар облысы аумағына жеткенін хабарлаған едік. 

Сондай-ақ Қарқаралыдағы дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты.