• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 08 Қазан, 2024

Алдын ала нәтижелері жарияланды

49 рет
көрсетілді

Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Атап айтқанда, дауыс берген халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады.

– 7 қазандағы таңғы сағат 08.00-дегі жағ­дай бойынша еліміздің барлық өңіріндегі және шетелдегі 10 323 референдум учас­кесінде дауыстарды санау аяқталды. Облыс­тық, Астана, Алматы және Шымкент қала­лары­ның комиссияларынан алынған жедел де­рек­тердің негізінде Орталық референдум комиссиясы дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығарды, – деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ОРК-да өткен брифингте.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референ­думға қатысуға құқығы бар азаматтар­дың жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адам­ды құраған. Дауыс беруге 7 миллион 820 мың 204 адам (63,66%) қатысқан.

– Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқандардың 71,12 пайызын немесе 5 млн 561 мың 937 адамды құрады. Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға қойыл­ған мәселеге қарсы дауыс берген адам­дардың саны дауыс беруге қатыс­қан­дардың ішінен 2 млн 45 мың 271 болды, – деді Н.Әбдіров.

ОРК төрағасының мәліметінше, «иә» және «жоқ» деген жауаптардың екі нұс­қасы да таңдалған, олар – жарамды бюл­летеньдер. Дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдер саны 82 729-ды құраған. 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылған.