• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 08 Қазан, 2024

Қазақстан жақсы үлгі көрсетті

53 рет
көрсетілді

Референдумға Әзербайжаннан – 13 адам, Парламенттен – 6, Орталық сайлау комиссиясынан 7 адам келдік. Қазақстандағы дипломатиялық миссиядан тағы 3 адам бар. Сағат 15.00-ге дейін 45 учаскеге барып, дауыс беруді бақылап үлгердік.

Қазақстан сайлау құ­қығы толық іске асы­ры­лып жат­қан елдің жақсы үлгісі бола алады. Әр учаскеде кем дегенде 10 ба­қылаушы кезекшілікте болды, бұқа­ра­лық ақпарат құрал­­­да­­­ры­ның өкілдері де қатысты.

Мен бір учаскеде тұрғын­дар­дың кішкентай балалармен бірге келгенін көріп қатты таңдандым. Олар дауыс бере алмайтындары рас қой, алайда ата-аналары дауыс бергенде қуанышты жүзі байқалды. Бір учаскеде олар бізді балалармен бірге суретке түсіріп алды. Үлкені де, кішісі де дауыс беруден хабардар, осындай жағдайлардан қазақ халқының еркін екенін, өзінің үлесін қосқыны келетінін аңғаруға болады.

Дауыс беру барысында, тіпті, болмашы да заң бұзушылық орын алған жоқ. Учаскелерде дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Ел тұрғындары өз еріктерімен таңдау жасағанына сенімдімін.

 

Мазаир ПАНАХОВ,

Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы