• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 08 Қазан, 2024

Көп талқысы өзгеріске себепші

78 рет
көрсетілді

Осыдан тура бір жыл бұрын Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елде АЭС құрылысын салу тек референдум арқылы ғана шешілетінін айтқанын ұмытқан жоқпыз. Биылғы Жолдаудан кейін көп талқысы болатын күн нақтыланып, ел соны елеңдей күтті.

Бұл істе асығыстық болды деп ешкім айта алмайды. Жыл бойы қоғамдық тыңдаулар, кең ауқымды талқылаулар өтіп, он­дағы мамандардың ой-пікір­лерін миллиондаған адам тың­дады. Қарапайым халық та ортақ мәселеден сырт қалмай, ұсы­ныстарын айтты. Кешегі таң­дау күні учаскелерге ағылған мыңдаған жұртты көрдік. Бұл дауыс берушілердің қоғам үшін аса маңызды оқиғаға селсоқ қара­мағанын көрсетеді.

Тағы бір айта кетерлігі, жұрт­­шылықтың таңдау жасауы­на осы жолы да барлық жағдай жасалды. Референдум күні көрсетілген шақыру қағаздары мен смс хабарландырудан бастап азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істеді. Азаматтарды уақытша тір­кеу қыз­метімен айналысатын 5 онлайн учаске де дауыс берушілер үшін ыңғайлы болды.

Бір сөзбен айтқанда, референдум Мемлекет басшысының бастамасымен қоғамның үлкен өзгерістерге бет бұрғанын көр­сетті.

 

Бейбіткүл КӘРІМОВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры-басқарма төрағасы