• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Үкімет 08 Қазан, 2024

Үкіметте Қарағанды-Павлодар аумағындағы өртті сөндіру мәселесі қаралды

77 рет
көрсетілді

Үкіметте Қарағанды және Павлодар облыстарының аумағындағы өртті сөндіру туралы Төтенше жағдайлар министрінің баяндамасы тыңдалды, деп жазады Egemen.kz.

6 қазан күні Павлодар облысы Баянауыл ауданымен шектесетін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында құрғақ шөп өртенді.

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі өртті сөндіру мақсатында қабылданып жатқан шараларды мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жедел штаб өртті сөндіріп жатыр. Ал жақын маңдағы ауылдың 18 тұрғыны эвакуацияланған.

«Астана қаласы, Абай облысы, Ақмола облысының және басқа да ТЖД күштері мен құралдары қосымша тартылды. Бүгінгі таңда Павлодар облысында өрт оқшауланып, жағдай бақылауға алынған. Бүгін Қарағанды облысында өртті оқшаулау көзделіп отыр», деді Шыңғыс Әрінов.

Премьер-министр Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрлігіне дала өртіне қатысты жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.