• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Энергетика 08 Қазан, 2024

Қазақстан жылыту маусымына дайын ба?

122 рет
көрсетілді

Бүгін өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Жылыту маусымының басталуы» туралы баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz. 

«Республика бойынша алдағы жылыту маусымына шамамен 12 мың автономды қазандық дайындық жұмыстарынан өтті. Автономды қазандықтар қажетті көмірмен 93%, мазутпен 99% және дизель отынымен 90% қамтамасыз етілді», деді министр. 

Бүгінде білім беру және денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлер жылыту маусымына толықтай дайын.

Коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке және халықтың пайдалануына арналған көмірге қажеттілік 8,2 млн тоннаны құрайды. Жылыту маусымы басталғалы бері шамамен 3 млн тонна жеткізілді.

Қанат Шарлапаев бүгінгі таңда еліміздің көмір тұйықтарындағы түрлі маркадағы отын қоры шамамен 577 мың тоннаны құрайтынын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың тоннаға артық екенін атап өтті.

Жалпы, министрлік тарапынан өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету бойынша тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Қазақстан темір жолы мен көмір өндіруші кәсіпорындар көмірдің қажетті көлемін жеткізуге әзір.

Әлеуметтік көмірдің елден тыс жерлерге шығарылуын болдырмау мақсатында көмір экспортына лицензия беруді көздейтін Үкімет қаулысы қабылданды.

Бұдан бөлек, делдалдардың жұмысын болдырмау мақсатында, көмірді сатуды биржаға шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жылыту маусымы басталып, халық тарапынан көмір сатып алу белсенді түрде жүріп жатыр. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде халықтың көмірді сатып алуы бойынша ақпараттандыру жұмыстарын белсендету қажет.

Барлық өңірлерде жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталып жатыр және жөндеу жұмыстары жылу беру басталғанға дейін аяқталады.