• RUB:
    5.04
  • USD:
    485.04
  • EUR:
    525.98
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 08 Қазан, 2024

Референдум нәтижесі: Халықтың 71,12%-ы АЭС құрылысын қолдады

225 рет
көрсетілді

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша өткен референдумның қорытындысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, ел азаматтарының 71,12 пайызы АЭС салуды қолдап, дауыс берген.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құраған.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады.    

Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.

Осылайша, референдум өтті деп саналады. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.