• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қылмыс 08 Қазан, 2024

ШҚО-да алаяқтар бірнеше пәтерді заңсыз иемденген

85 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алаяқ риелторларды ұстады, депи хабарлайды Egemen.kz.

Күдіктілер ішімдікке бейім тұрғындардың пәтерлерін заңсыз иемденген. Тінту жұмыстары барысында жедел уәкілдер жылжымайтын мүлік объектілерінің құжаттарын, жеке тұлғалардың дербес деректерін, сондай-ақ, заттай айғақтарды тәркілеген.

Polisia.kz-тің жазуынша, жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал 60 млн теңгеден асады. Полицияға жеткізілген 4 күдіктінің ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Тергеу жұмыстары аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүзеге асырылады.