• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қазан, 2024

Талғардағы жасөспірім өлімі: Жеті күдікті ұсталды

86 рет
көрсетілді

Талғар қаласында 4 қазан күні  төбелес болып, қаланың 16 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болған. Тағы екі азамат ауыр дене жарақатын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Прокуратура органдары кісі өлтіру туралы бұл істі ерекше бақылауға алғанын ресми түрде хабарлаймыз. Аталған қылмысты жасады деген күдік бойынша сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беріп, жеті күдікті адам ұсталды», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қадағалау органы осы жағдайға кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға бағытталған объективті тергеу жүргізілетіндігін атап өтті. 

«Тергеуге көмектесетін кез-келген ақпаратпен прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз», деп қосты ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда бір топ жастар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Қақтығыс салдарынан 16 жастағы жасөспірім алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Айта кетейік, жақында бұл істі Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке бақылауына алғаны белгілі болды.