• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 09 Қазан, 2024

Ардың айқын үні

67 рет
көрсетілді

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі әлемдік аренада мойындалған бейбітшілік алаңына айналды. Біз осы халықаралық форумды өткізуге ықылас танытып, оны жүзеге асырып жатқан Қазақстанның игі бастамасын қолдаймыз әрі жоғары бағалаймыз.

Дін көшбасшыларының үні – қай заманда да ардың үні болған. Қазіргі таңда да бұл қағида өзгерген жоқ. Сондықтан біз әрда­йым адамзат баласын бейбітші­лікке шақыруда, рухани құнды­лықтарды сақтауда майдан­ның алғы шебінде жүруіміз керек. Бүгінгі жиынымыз да – соның бір қадамы. Өйт­кені тыныштықты сақтауға, ынтымақтың орнауына үлес қосу – Құдай жолындағы ізгі іс. Қазақстан 20 жыл бұрын осындай Құдай жолын таңдады, оны сәтті жүзеге асырып келеді. Біз әрқайсысымыз сіздердің бастамаларыңызға өз тарапымыздан үлес қосуға дайынбыз. Кейінгі кездері әлемде болып жатқан жағ­дайға қарасақ, аталған проблемаларды шешуде діннің орнын ештеңе айырбастай алмайды. Әзірге саясат та, дипломатия да қауқарсыз болып тұр. Сондықтан өз күш-жігерімізді қосып, бейбіт заманның орнауы үшін әрекет етуіміз керек.

Бүгінгі осы пробле­ма­лардың негізгі себептерінің бірі де – адамзат баласының діни құн­дылықтардан алыстап ке­туінде. Көп адам дінді өткен шақ деп ойлайды. Ал дін­нен алыстаған мәдениет пен өзара сыйластықтан да алыс­тайды. Біз қазір соның жемі­сін татып отырмыз. Осы келең­сіз­діктің алдын алу үшін Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шыларының съезі секілді іргелі жиындардың мәні зор.

 

Илья КАШИЦЫН,

Мәскеу патриархаты сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің хатшысы (Ресей)