Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
«Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Дастан Адайұлы 1984 жылы Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан бастаған. Әр жылдары түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
2020 жылдың ақпан айынан бастап 2023 жылдың тамызына дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
2023 жылдың тамызында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған.