ШҚО-да облыстық спорт басқармасының қызметкері мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшылығы 80 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Анықталғандай, бұл қаражат оқу-жаттығу жиындарын тиімді өткізуге бөлінген.
«Шығыс Қазақстан облысында 80 миллион теңгені жымқырды деген өңірлік спорт басқармасының қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшылығы әшкереленді», деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров брифинг барысында.
Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.