• RUB:
    5.04
  • USD:
    485.04
  • EUR:
    525.98
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2024

ШҚО-да бір топ қыз қатарласына әлімжеттік көрсеткен (видео)

75 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында бір топ оқушы қыз қатарласына әлімжеттік жасап, күш көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Облыстық Полиция департаменті оқушы қызды қорлағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Тәртіп бұзушылыққа қатысы бар қыздардың жеке-басы анықталып, тергеу амалдары басталып кеткен. 

«Тәртіп бұзған қыз балалар мектепішілік есепке алынып, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына тиісті ұсыныс енгізілді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.