• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қазан, 2024

Үкімет ұлттың ұлы тұлғаларын қорлауға жол бермеуі тиіс - депутат

107 рет
көрсетілді

Тұлғаларға тас ататын адасқан жастардың қатары көбейіп барады. Мәжілістің жалпы отырысында «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов аталған мәселені көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Ұлы Абайды – кришнайт, Мұстафаны қашқын, Әлиханды жөйіт, Шәмшіні «арақкеш» деп, батырларымызды – байғұс, тұлғаларымызды – тулақ етіп жатқан мысалдар аз емес. Жуырда желіде бір желөкпенің ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың бейнесін бас салып тоқпақтап, жұдырықтап жатқанын көріп жанымыздан түңілдік. Ал күні кеше надандық пен топастықтың қиылысқан нүктесінен бүр жарған жас бала қазақ поэзиясының тау тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың аруағына тіл тигізіп, елдің есін екеу, түсін төртеу қылды», деді депутат.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжановтың айтуынша, Үкімет ұлтымыздың ұлы тұлғаларын қорлауға жол бермейтін шараларды заңдық тұрғыдан қолға алуы керек.