• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қазан, 2024

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Ғылым министрлігі бірлесе әрекет етпек

54 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» басшысы Нұр­лан Жақыпов пен Ғы­лым және жоғары білім министрі Саясат Нұр­бектің Аста­нада өткен кездесуі бары­сында айтылды. Ұлттық әл-ауқат қоры аталған ми­нистрлікпен бірлесіп ғы­лыми жобаларды әзір­­леуді жоспарлап отыр.

Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ, Ғылым және жоғары бі­лім министрлігі, Қордың порт­фель­дік компаниялары мен «Самғау» ҒТБО өкілдері қатысты.

«Самғау» ғылыми-тех­ни­калық бастамалар орта­лығы ғы­лыми жобаларды қар­жы­ландыру үшін іріктеумен айна­­лысады. 2024 жылдың қыр­күйегіне дейін аталған ұйым қаржы­ландыруға жібе­рілген 127 өтінімнен 15 жобаны таңдаған. Олар­ды «Са­мұ­­рық-Қазына» АҚ, ми­нис­трліктің қатысуы­мен қор­­дың кәсіпорында­рын­да қолда­нысқа енгізу жоспарланып отыр. Мысалы, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС күкірт қал­дық­тарын қолданудың тиім­ді жолын тауып, одан жән­діктер­мен күресетін құрал өндірмек.

Бұдан бөлек, жиын­да қор­­дың компаниялар то­бы­­ның ғылыми жобаларын қолдау және әртүрлі салалар бойынша тапшы мамандарды даярлау жө­нінде талқылан­ды. Қазіргі уақытта қорда энергетика, мұнай-химия, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі,  тағы басқа салалар бойынша мамандардың же­тіс­пеушілігі байқалады. Осы бағытта министрлікпен бірлесіп, қажетті мамандарды даярлауға ортақ жобалар құрылуы мүмкін. Сондай-ақ 2024-2025 жылдары еліміз­дің әртүрлі қалаларында бірнеше тех­но­­логиялық сессияны, яғни хакатондарды өткі­зу жос­парлануда.

 

Алдаберген КЕМПІРБАЙ