• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қылмыс 10 Қазан, 2024

10 күн ішінде 54 есірткі қылмысы тіркелді

72 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі қазан айы басталғалы бері ел аумағындағы есірткі айналымына қатысты 54 қылмыстың жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік мамандары тәркілеген есірткінің жалпы салмағы 250 келіден асқан. 

Оның ішінде есірткі сатудың - 29, аса ірі мөлшерде сақтаудың - 7, контрабанда және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 7 оқиғасы тіркелген.

Есіркімен күрес шаралары барысында Алматы облысында есірткі зертханасы анықталып, 35 жастағы ер адам ұсталған. 

Екібастұзда да синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылған. Екі жергілікті тұрғын курьерлерді тарта отырып, есірткіні интернет арқылы сатуды жоспарлаған.

«Ал Астанада есірткіні жарнамалайтын QR-кодтары бар стикерлерді жапсырумен айналысқан 27 жастағы әйел ұсталды. Ақмола облысында есірткіні өз үйінде және жалға алынған жертөледе сақтаған 54 жастағы ер адамның да заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды. Одан 34 кг марихуана және 2 кг гашиш тәркіленді. Атырауда 38 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйел ұсталды. Олардан синтетикалық есірткі салынған 81 орам табылды. Қостанай облысында 25 синтетика орамы бар 16 жастағы студент ұсталды», деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.