2014 жылы «К» и «A» ЖШС су электр станциясын салу үшін Жетісу облысының Ескелді, Көксу, Кербұлақ аудандарында орналасқан жалпы ауданы 221 гектар 5 жер учаскесін берді, деп жазады Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлікке қарасты Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында жоғарыда аталған жер учаскелері берілген сәттен бастап мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды.
«Департамент бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдады. Алайда ЖШС нұсқаманың орындалуын елемеді. Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылданды», делінген министрлік хабарламасында.