• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қазан, 2024

Елорда әуежайының ақылы тұрағы қымбаттай ма

76 рет
көрсетілді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін әуежайдың Instagram-дағы ресми парақшасында ақылы автотұрақ аймақтарында тарифтердің өсуі туралы ақпарат жарияланған еді.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақ кеңістігінің қымбаттағаны туралы хабарланған.

Астана қаласы бойынша БҚДА департаментінің ескертуі нәтижесінде «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ ақылы тұрақ аймақтарында бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылданған.