Биылғы жылдың 8-10 қазан аралығында Берлин қаласында Германия Үкіметінің IRF Secretariat және LYNC ҮЕҰ-мен бірлесіп ұйымдастыруымен Халықаралық министрлер конференциясы (IRF Ministerial) шеңберіндегі іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еуразия құрлығы бойынша панелдік дискуссияда Дін істері комитетінің өкілі Азамат Данахметов елдегі діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.Сондай-ақ, аталған дискуссияда Грузия, Молдова және Өзбекстан елдерінің мемлекеттік органдары мен діни бірлестіктері өкілдері діни қызмет саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға 40-тан астам елдің өкілдері қатысты.