• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қазан, 2024

Мас күйде көлік жүргізген 1100-ден астам адам жауапқа тартылды

120 рет
көрсетілді

Сарыкөл қаласының 36 жастағы тұрғыны патрульдік полицейлердің тоқтау туралы талабын елемеген. Кейін ер адамның мас күйде болғаны  және жүргізуші куәлігі болмағаны белгілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Анықталғандай, ер адам көліктің алдыңғы дөңгелегі жарылғанына қарамастан, басқа жүргізушілердің өміріне қауіп төндіре отырып, көшелерді аралап жүре берген.

«Полицейлер адам шығыны мен ауыр зардаптардың алдын алып, жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушіні тоқтатты. Алайда, ұстау кезінде құқық бұзушы  өз көлігі мен полицияның қызметтік көлігіне зақым келтірген. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шықты», деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ер адам көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарын елемегені үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарған. Ер адам арнайы уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Айта кетейік, жол полициясының мәліметінше, жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 1100-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көлік жүргізу құқығынан айырылған тағы 66 мас жүргізушіге қылмыстық жаза тағайындалған.