• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 11 Қазан, 2024

«Сау тіспен болашаққа»: Мектептерде стоматологиялық кабинет ашылады

120 рет
көрсетілді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы №95 мектеп-лицейіне барып, оқушы денсаулығын сақтаудың бірқатар мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Ведомство басшылары мектеп асханасын аралап, санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтау мақсатында тамақ дайындау шарттарымен танысты.

Ақмарал Әлназарова мектептегі тамақтану стандарттары қайта қаралып жатқанын мәлімдеді. Жаңа бірыңғай мәзірде балалар организмінің физикалық және психикалық дамуына қажет рацион басты назарға алынады.

Кездесу барысында 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттерді ашу мәселесі талқыланды.

«Бүгінгі таңда 6 өңірде 98 кабинет жұмыс істейді. Стоматологиялық  кабинетте қабылдауды дантисттер жүргізеді. Бірақ одан әрі «Сау тіспен болашаққа» жобасының шеңберінде мектеп жасындағы барлық балаларды стоматологиялық аурулардың профилактикасымен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр», делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.