Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam сериясы турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, Әбужақынова сынға түсетін әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде небәрі тоғыз қатысушы тіркелген. Отандасымыз турнирді тікелей 1/4 финалдан бастаған.
Әбибаның қарсыласы ресейлік Марина Воробьева болды.
Жекпе-жек қарсыластың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталған. Енді Әбужақынова жұбаныш раундында сынға түседі.