Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Демографиялық жағдайды жақсарту үшін 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Аңсаған Сәби» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында көптен күткен 8 мыңға жуық сәби дүниеге келді», деді Мағрипа Ембергенова.
Ембергенованың айтуынша, сондай-ақ әйелдер денсаулығын жақсарту, медициналық тексерулермен, пренаталдық дайындықпен және контрацепциямен қамтуды арттыру мақсатында «Аналар саулығы» бағдарламасы да жүзеге асырылып жатыр.
«Сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет халықаралық ұсыныстарды ескере отырып, жүктілікке дайындықтың клиникалық хаттамасы бекітілді», деді ол.