• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 12 Қазан, 2024

Қаржы нарығын дамыту туралы заң жобасын қарайды

130 рет
көрсетілді

Палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттар бірінші оқылымда қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсеті­летін қызметтерді тұтыну­шылардың құқық­тарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылайды.

Үкімет заң жобасын Пре­зиденттің банк секторындағы рұқсат беру талаптарын оң­тай­ландыру жөніндегі тап­сыр­масын іске асыру үшін әзірледі. Сондай-ақ 2023 жылғы Президент Жолдауын іске асыру аясында шетелдік еншілес банктер мен олардың филиалдарын ашу талаптарын жеңілдетуге қатысты қосымша өзгерістер енгізілді. Ұсынылып отырған түзетулер қаржы секторына кәсіби кадрларды тарту және банк секторының инвестицияларына әкімшілік кедергілерді азайту үшін жағдай жасауға тиіс.

Екінші оқылымда депу­тат­тарға ақпаратқа қол жет­кізу және қоғамдық қаты­су мәселелеріне қатысты түзетулерді қарау ұсынылады. Заң жоба­сы мүгедектігі бар адамдар­дың ақпаратқа қол жет­кізуін қамтамасыз етудің меха­низмдері мен құралдарын бекітеді, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтеді.

Күн тәртібіне Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобалары да енгізілді. Олардың қатарында «Мәдениет туралы» заңға өзгеріс­тер, қыл­мыстық жолмен алынған кірі­стерді заңдас­тыруға (жы­лыстатуға) және терро­ризмді қаржылан­дыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойын­ша түзетулер, инно­ва­циялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйе­сін жетілдіруге қатысты заңнамалық өзгерістер және басқа да бірқатар жоба бар. Мәжіліс бұл заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгілеуі қажет.