Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Орталық мемлекеттік архивте болды.
Ерлан Қарин Үкіметтің «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары аясында көптеген жұмыс атқарылғанын атап өтті. Соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей архив құжаттарын цифрландыру үшін ауқымды іс-шаралар қолға алынды.
Орталық мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Шілдебай архив құжаттарын сақтау және есепке алу тәртібі туралы баяндады. Сонымен қатар ғасырдан астам уақыт тарихы бар мекеме аса құнды құжаттар мен материалдар қорын жинақтағанын айтты.
Мемлекеттік кеңесші еліміздің архив ісін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.