• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:55

Республика күнінде Қазақстан тұрғындары қанша күн демалады?

34 рет
көрсетілді

Қазақстан тұрғындары күздің екінші айында қанша күн демалатыны белгілі болды. 2024 жылы қазақстандықтар Республика күнін 25 қазанда атап өтетіндіктен, жалпы 9 күн демалыс болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республика күні мерекесі яғни 25 қазан жұмаға сәйкес келіп тұр.

Бес күндік жұмыс аптасында: 25, 26, 27 қазан демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасымен есептегенде: 25 қазан жұмыс күні демалып, 26 қазан жұмыс күні. 27 қазан қайта демалады. Ел тұрғындары 2024 жылдың қазан айында 9 күн демалады.

Кәсіби мерекелердің тізбесі жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

1 қазан – Қарттар күні. Радио күні;5 қазан – Мұғалімдер күні;6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;10 қазан – Қазақстанның Кәсіптік одақтар күні;16 қазан – Нан күні;19 қазан – Құтқарушылар күні;20 қазан (қазан айының үшінші жексенбісі) – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;24 қазан – Кітапханашылар күні;27 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні;29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;