Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында өткен үстел теннисінен Азия чемпионатының жекелей және жұптық сындардағы финалдық ойындарын көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған біріншілікке 26 елдің 210 спортшысы қатысты. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары да бар.