• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қазан, 2024

Құрылыс саласында инвестициялық жобаларды бақылау күшейтіледі

131 рет
көрсетілді

2025 жылдан бастап құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау күшейтіледі. Тиісті шешім Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау аясында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz тиісті ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілген еді. Аудит барысында іс жүзінде орындалмаған құрылыс жұмыстарына шамамен 731 млн теңгеге ақы төленгені анықталған. Павлодар құрылыс бөлімі бұрын төлем жасалған актілер негізінде мердігер ұйымға төлем жүргізген.

Осыған байланысты Қаржы министрлігіне қазынашылық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша көптеген құрылыс шарттарын сүйемелдей алатындай өзгерістер енгізу тапсырылған.

«25 қыркүйекте Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне түзетулер енгізілді. Оған сәйкес қазынашылық сүйемелдеу сметалық құны 1 млрд теңгеден басталатын шарттарға қатысты қолданылады. Бұған дейін бұл көрсеткіш 2 млрд теңгені құраған еді», делінген хабарламада.

Бұл өзгеріс 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.