• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Қазан, 2024

Өңірлерге үлгі үздік жоба

80 рет
көрсетілді

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте өңірлерде Үлкен жоба бойынша салынып жатқан тауарлы-сүт фермаларының құрылыс барысы қаралды.

Солтүстік Қазақстан облысының та­уар­лы-сүт фермалары құрылысына жеңілдікпен несие беру немесе Үлкен жоба бойынша оң тәжірибені тарату 2023 жылы басталды. 100 млрд теңгенің бірінші траншына жылдық 2,5%-бен 2024 жылы 65 ТСФ салынуға тиіс. Ең көп жаңа кәсіпорын СҚО-да салынуда, онда 17 жоба іске асырылып жатыр. Жинақталған тәжірибені ескере отырып, мұнда Үлкен жоба бойынша 17 млрд теңге көлеміндегі қаражат негізінен мал сатып алу мен жаңа ТСФ-ның құрылыс-монтаждау жұмыстарына берілді. Бұл ретте жалпы сомасы 54,5 млрд теңгені құ­райтын жаңа 17 ТСФ құрылысына қажетті қалған инвестицияны кәсіпкерлер салды. 12 жоба  – Алматы, 7 – Ақмола, 6 – Павлодар және Шығыс Қазақстан, 5 – Қостанай, 4 – Батыс Қазақстан, 3 – Жетісу, 2 – Түркістан және Абай облыстарында, 1 жоба Ақтөбе облысында жүзеге асырылып жатыр.

Жиында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы атап өткендей, қазіргі уақытта жалпы құны 100 млрд теңге болатын 2023 жылғы транштың игерілуі 94,4%-ды құрайды. Қазірдің өзінде 20 ТСФ салынып, пай­да­лануға берілді, 24 жоба бойынша жұ­мыстар аяқталып қалды. Атап айтқанда, Абай, Түркістан мен Жетісу облыстарында жобалар толығымен іске асырылып, Павлодар, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында жоба жұмыстары соңына таяды. 21 жоба пайдалануға беру мерзімінен кешіктірілуі мүмкін. Шығыс Қазақстан және Алматы облыс­т­ары мерзімінен әлдеқайда артта қа­лып отыр. Бұл аймақтарда 86% және 71,7% дең­гейінде ең аз қаражат игеріл­ген. Мы­салы, Алматы облысында құры­лы­сы­на 15 млрд теңге бөлініп, жоспар­лан­ған 12 тауарлы-сүт фермасы бойынша ал­ты жо­баның іске асыру мерзімдерінің бұ­зылу қаупі бар. ШҚО-да 2023 жылы қа­ра­жат бөлінген, жоспардағы 6 жобаның бі­реуі әлі іске асырылатыны анықталған жоқ.

Вице-премьер С.Жұманғарин жоба­­лар­дың кешеуілдеуіне қатысты өңір бас­шы­ларын тыңдап, іске асыруы биыл­ға жос­парланған барлық жоба­ның төр­тінші тоқ­санда аяқталуын жеделдетуді тапсырды.