• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қазан, 2024

Атырауда емхана есепшісі қомақты қаржы ұрлаған

87 рет
көрсетілді

Атырау қаласының №2 сотында аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, қалалық емхананың бас есепшісі қызмет бабын пайдаланып, қасақана пайдақорлық ниетпен 2012-2023 жылдар аралығында өзіне сеніп тапсырылған 573 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденіп, банктердегі өз есеп-шоттарына аударған. Қылмыстық жолмен алынған қаражатты аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы заңдастырған. Нәтижесінде, емханаға аса ірі мөлшерде залал келтірілген. Істі қарау барысында сотталушы 3 млн теңгені өтеген. Прокурор сотталушыны 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, шынайы түрде өкініп, жеңіл жаза түрін тағайындауды өтінген.

«Сотталушы тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленіп, қаражат және материалдық жауаптылыққа байланысты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Апелляция бірінші сатыдағы соттың үкімімен келісті. Сот үкімі заңды күшіне енді.