Оқиға 15 Қазан, 2024

Талғар оқиғасы: Барлығы 10 адам ұсталды

239 рет
көрсетілді

Бұл туралы Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 күдіктінің ұсталғаны туралы бұрын хабарланғаны мәлім. Шерзат Болаттың өліміне қатысты полицейлер тағы 3 күдіктіні ұстады.  Осылайша, 10 адам ұсталғаны белгілі болып отыр.

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Берік Адамов:

«10 адам күдікті деп танылды. Тағы екеуі қылмыстық қудалау орбитасында, бірақ олардың мәртебесі - қорғану құқығы бар куәгер», деді.

Еске салайық, адам өлтіру және бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.