• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қазан, 2024

Елордада таныс қызын ұрып-соққан жігіт қамауға алынды

87 рет
көрсетілді

Астана қаласында жігіт пен қыздың арасындағы жанжал айыптау үкімімен аяқталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласының прокуратурасы 27 жастағы жігіттің таныс қызын ұрып-соғуына қатысты ісін қараған.

Анықталғандай, құқық бұзушы жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айтқаны үшін бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, биыл денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғуға байланысты құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізілген еді. Осы жылдың өткен кезеңінде аталған қылмыстарды жасағаны үшін 34 адам сотталған. Оның ішінде 20-сы қоғамдық жұмысқа тартылып, 9-на айыппұл салынып, 3-қамауға алынып және 2-не бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған.