• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қазан, 2024

Аграрлық университет қызметкері ұрлық жасап сотталды

240 рет
көрсетілді

№2 Медеу аудандық сотының үкімімен Университеттің «Саймасай»  оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жалған тұқым егу және егу орындарын өңдеу жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын аяқтаған.

Бұған дейін Бас прокуратураның тапсырмасымен Университеттің қызметіне тексеру жүргізілген, онда 2020 жылы Университет жалпы сомасы 43,8 млн теңгеге қант жүгерісінің тұқымын, «аммофос» минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитрасын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасасқаны анықталған.Тексеру нәтижесі жоғарыда аталған тауарлардың іс жүзінде жеткізілмегенін, ақша қаражатының қолма-қол ақшаға айналдырылғанын көрсеткен.

«№2 Медеу аудандық сотының үкімімен Университеттің «Саймасай»  оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды», делінген прокуратура хабарламасында.

Келтірілген залал толық көлемде өтелген.Үкім заңды күшіне енді.