Қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев облыс орталығында 1215 көпқабатты үй болса, оның 1048-іне соңғы екі күнде жылу берілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қалған 167 көп қабатты үйдің құбырына да жылу келіп тұр. Бұл үйлерде ПИК немесе басқару нысанын реттеу, ішкі жылыту жүйелерін жуып-шаю жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарды сәрсенбі күні аяқтау көзделіп отыр. Сонда барлық үй жылуға қосылады. Жылу құбырларында қандай да бір мәселе туындаса, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның кезекші бригадалары қарап, жөндеп береді», деді қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.
Айта кетейік, өткен аптада мектеп, балабақша, аурухана сынды әлеуметтік мекемелерге жылу берілген еді.