• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қазан, 2024

Түркияда жер сілкінді

199 рет
көрсетілді

Бүгін Түркияда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:46-да Малатия қаласынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде магнитудасы 6-ға жеткен жер сілкінісі болған. 

Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жер асты дүмпулері Малатия, Диярбакыр және Элазиг провинцияларында сезілген.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая әлеуметтік желіде сарапшылардың шығынды бағалауға кіріскенін мәлімдеген.