• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қазан, 2024

Жамбыл облысында 13 жасар қызды бауырлары зорлаған

236 рет
көрсетілді

Жамбыл облысындағы ауылда 13 жастағы қызды туыс ағалары кішкентай кезінен бастап зорлап келген. Бұл туралы Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зәкиеваның айтуынша, жасөспірім қыз психолог өткізген сауалнамада зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы сигнал берген, бірақ оны ешкім елемеген.

«Қылмыстық іс қозғалды, қыз бен оның анасы қауіпсіз жерге көшірілді, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткізілген көшпелі комиссия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шаралар қабылданды. Айта кетейік, қыз оқыған мектеп - ауылдағы жалғыз мектеп», деп жазды Динара Зәкиева.