• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Білім Кеше

Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды

129 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрлігі биылғы қыркүйектен бері өңірлерде 130 мың оқушыға арналған 86 мектеп ашылғанын мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 74,8 мың оқушыға арналған 27 мектеп пайдалануға берілген. Оның 9-ы елордада ашылған.

Жобада білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Сондай-ақ  «Жайлы мектеп» құрылысында талап етілген заманауи техникалық құралдар енгізілген. 

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін заманауи форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланған.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 18 мектеп ашылса, тағы 41 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар есебінен қолданысқа берілген.