• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.81
  • EUR:
    527.62
Басты сайтқа өту
Білім 18 Қазан, 2024

Қазақстанда шетелдік университеттердің 23 филиалы ашылды - Тамара Дүйсенова

109 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан «Connected-2024» халықаралық конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова елімізде 23 шетелдік жоғары оқу орнының филиалдары ашылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-премьердің айтуынша, Қазақстанға шетелдік оқу орындарын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 23 жоғары оқу орнының филиалдары өз жұмыстарын бастаған. Ол сондай-ақ серіктестіктің үш негізгі мақсаты бар екенін атап өтті.

«Біріншісі – халықаралық стандартқа сай оқу бағдарламасын игерген, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті кадрларды даярлау. Екіншісі – білім беру бағдарламалары мен оқыту технологияларының озық үлгілерін беру. Үшіншіден, ғылым мен инновацияны дамыту. Бірлесіп нәтижелі жұмыс жасап, алға қойған мақсаттарымызға бірге жетеміз деп ойлаймын», деді Тамара Дүйсенова.

Еске сала кетейік, Астана төрінде 60 елден 300 халықаралық сарапшының қатысуымен ғылым, білім, инновация, цифрландыру және экология мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтіп жатыр.